{metadescription}
"Құмалақ" фильмі не туралы?
"Құмалақ" фильмі не туралы?

"Құмалақ" фильмі не туралы?

"Құмалақ" деп аталатын қорқынышты фильмнің жабық көрсетілімі өтті. Оның түсірілуіне осыдан біраз жыл бұрын балалар арасында дүрбелең туғызған «Синий кит», «Тихий дом», «Море китов» сияқты ғаламтор ойындары мен оған қатысты оқиғалар түрткі болған. Фильмге интернет-алаяқтардың тұзағына түскен 14 жастағы жасөспірім қыздың бастан кешкен сұмдығы арқау болыпты.

Көрерменге жол тартқан кинотуынды ғаламтордағы тылсым оқиға жайында өрбіген. Барлығы он төрт жастағы Эльмираның анасымен ұрсысып, отбасылық саяжайға бара жатқан жолда тауып алған ойыншық қонжықтан басталады. Жасөспірім ойыншықтың ішінен әлдебір интернет сайтқа сілтеме жазылған парақ тауып алады. Ол сол сайтқа кірген мезетте қорқынышты ойы шындыққа айнала бастайды. Фильмде Эльмираның саяжайда бастан кешкен сұмдық оқиғасы баяндалады. Ал басты кейіпкердің рөлін актриса Сабина Жан сомдаған.

Сабина Жан, актриса:

Киноға бірінші рет түсіп тұрмын. Өте ұнады. Алдымен кастингтен өттім, бірінші режиссермен және басқаларымен таныстым. Ары қарай сценарийді оқыдым, маған ұнады. Осылай киноға келдім. Ары қарай актерлік жолды жалғастырғым келеді, өзім музыкаға жақынмын, скрипкада ойнаймын, сондықтан актерлік жол жаныма жақын сияқты.

Фильм сюжетімен де ерекшеленеді. Авторлар киберқауіпсіздік тақырыбын ғана емес, сонымен қатар балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас маңызын да көрсеткіміз келді дейді.

Жеңіс Мақашев, продюсер:

Біз ата-аналарға балсының интернет желісінде қайда отыратынын бақылау керек екенін көрсеткіміз келді. Бұл маңызды. Себебі алаяқтар жастардың білместігін пайдаланады, олар өте ауыр сынаққа әкеліп соғуы мүмкін. Басты ой ата-аналарға баласын бақылату. Қандай сайт қолданады, не көреді, осыған ата-аналар қырағы болсын дегіміз келеді.

Фильмнің бюджетіне шамамен 70 миллионға жуық қаржы жұмсалған. 19 күнде түсірілген. Тұсаукесерге ұйымдастырушылардан бөлек, актерлік құрам мен режиссерлер тобы да арнайы қатысты.

Кинокартина тек жасы 16 жастан жоғары көрерменге арналған. Фильм екі тілде көрсетіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.