{metadescription}
Күйеуінен зәбір көрген Карина Мамашты министрлік қорғауына алды
Күйеуінен зәбір көрген Карина Мамашты министрлік қорғауына алды

Күйеуінен зәбір көрген Карина Мамашты министрлік қорғауына алды

«Әйелін сабады» деген күдікке ілінген дипломат Сәкен Мамаштың дауынан кейін сыртқы істер министрлігі енді елшіліктегілердің психологиялық күйін тексермек. Ал күйеуінен таяқ жеп, жәбір көрген Карина Мамаш қазір министрліктің қорғауында.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

9 мамырда елге келіп, шекарадан асқаннан кейін қолда бар заңға сәйкес, біз оны лауазымынан босаттық. Өздеріңіз білетіндей ,құқық қорғау органдары оған қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс қозғады. Әрине, біз ол қылмыстық іске араласа алмаймыз. Бүгін мен өзім Каринамен жеке кездестім. Бүкіл мән-жағдайын айтып берді. Біз айтайын дегеніміз, сыртқы істер министрлігі Каринаға бар көмекті көрсетеді.

Бұған дейін дипломаттың әйелі Карина Мамаш күйеуінен 10 жылдан бері жәбір көріп жүргенін әлеуметтік желіде жариялап ағынан жарылған-ды. Кету туралы түпкілікті шешім қабылдауына келіншектің үйіне келген туған әпкесіне де күйеуінің жұдырық ала жүгіруі себеп болыпты. Осы жағдайдан кейін апалы-сіңлілі бірден жүгін буып-түйіп алып еліне қайтқан. Ал сыртқы істер министрлігі қызметінен босатқан Сәкен Мамаштың 15 жылдан аса еңбек өтілі бар екен. Әріптестерінің айтуынша, бұған дейін қызметінде оғаш қылық көрсетіп, тәртіпсіздік танытпапты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.