{metadescription}
Павлодарда оқушы сыныптасы мен мұғалімін пышақтап тастады
Павлодарда оқушы сыныптасы мен мұғалімін пышақтап тастады

Павлодарда оқушы сыныптасы мен мұғалімін пышақтап тастады

Павлодарда 16 жастағы оқушы сыныптасы мен мұғалімін пышақтап тастады. Қанды қылмысқа оқушылар арасындағы кикілжің себеп болған. Қазір қатарласы мен ұстазына суық қару сілтеген бала қамауға алынды.

Жасқайрат Қайыров, Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары:

Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

Болжам бойынша оқушылар арасында түсінбестік туындап, арты төбелеске ұласқан. Осы кезде суық қаруын шығарған жеткіншек сыныптасын пышақтап тастаған. Оқушыларды арашаламақ болған 59 жастағы мұғалім де шәкіртінің қолынан оңбай жарақаттанды. Оның иығы мен кеудесі, ал зардап шеккен оқушының арқасы, жауырын бөлігі мен иығы жарақаттанған. Көп ұзамай полиция қатігез оқушыны қамауға алды. Ал ауруханаға дереу жеткізігілген жәбірленушілер ем-дом алып жатыр. Науқастардың жағдайы тұрақты дейді дәрігерлер.

Айгүл Мұқышева, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Әйелді №1 емханаға, баланы балалар ауруханасына жеткіздік. Онда медициналық көмек берілді. Асептикалық таңғыштар салынды. Бала мен әйелдің жағдайы тұрақты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде