{metadescription}
Петропавл: Су басқан ауданнан жоғалған ер адамның денесі табылды
Петропавл: Су басқан ауданнан жоғалған ер адамның денесі табылды

Петропавл: Су басқан ауданнан жоғалған ер адамның денесі табылды

Петропавлда су басқан Подгора ықшамауданынан бір ай бұрын жоғалған ер адамның денесі табылды. 34 жастағы тұрғын қалаға топан су лап қойғанда із-түзсіз жоғалған. Марқұмның мәйіті су деңгейі түскен кезде қалқып шықты.

Николай Гамолий, Петропавл тұрғыны:

Қоршаудың жанынан табылды. Сумен ағып келген сияқты, сосын бір нәрсеге ілігіп қалған. Ағын қатты келді ғой. Біз өзіміз үйден үстіміздегі бар киімімізбен қашып шықтық. Кім білген, мынадай сұмдық боларын.

34 жастағы Алексей Васин Подгора ықшам ауданында жер үйде тұрған. Қалаға қызыл су кіріп, жұрт жаппай басқа жаққа көшірілген кезде бұл азамат белгісіз себеппен үйінде қалып қойыпты. Бөгет бұзылып, көзді ашып-жұмғанша Подгораны топан су басты. Тасқынның қатты болғаны сонша, жолындағы жайпап өтті. Мыңға жуық үй су астында қалды. Содан бері бір ай уақыт өтті. Судың деңгейі түскен кезде сүңгуірлер ер адамның мәйітін оның үйінен 100 метр жерден тапқан. Ол сол жерге сумен ағып келгенге ұқсайды.

Мадина Ерғалиева, СҚО ПД баспасөз хатшысы:

Сүңгуірлер денесіне зақым келтірілмеген ер адамның мүрдесін іздеп тапты. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.