{metadescription}
«Семей орманы» резерватының екі басшысы сотталды
«Семей орманы» резерватының екі басшысы сотталды

«Семей орманы» резерватының екі басшысы сотталды

«Семей резерватының екі бірдей бастығына сот үкімі шықты. 14 адамның өліміне әкеп соққан алапат өртті дер кезінде бағамдай алмағаны үшін екеуі де 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот отырысы алты айға созылды. Алапат өртке «Семей орманы" резерваты және Новошүлбі филиалының басшылығы айыпталған болатын. Олар қауiпсiздiк талаптарын бұзып, адам өліміне әкеп соқты деген бап бойынша айыпталды. Судья қос басшыны кінәлі деп тауып отыр. Енді олар 7 жылын темір тордың ар жағында өткізеді.

Айта кетейік, Абай облысындағы алапат орман өрті былтыр 8 маусымда болған еді. Бір апта бойы ырық бермеген қызыл жалын 60 мың гектар қарағайлы алқапты күлге айналдырды. Алғаш болып тілсіз жауды жалаң қолмен ауыздықтауға аттанған 14 орманшы қаза тапқан еді. Артынша, Бесқарағай ауданынан өрт сөндіруге келген тракторшы да ажал құшты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде