20 жыл іздеуде жүрген адам шатырдан табылды
Жерден іздегені көктен табылды. Астаналық полицейлер 20 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген адамды үйдің шатырында қолға түсірді. 53 жастағы азамат осы уақытқа дейін Ресейдің құзырлы орындарынан қашып жүріпті.
Автор: Айжан Шамшидин
13.05.2024
Күдікті ең әуелі Қырғызстанға бас сауғалап барып, кейін Астанаға келген. Тәртіп сақшылары ізіне түскенін біле сала, алды-артына қарамай, бірден өзі тұрған жер үйдің шатырына жасырынған. Үйді полицейлердің тінтіп жатқанын жоғарыдан көре сала, үсті-басы шаң-шаң күйде еш қарсылықсыз беріле салған. Қазір оны Ресейге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!