{metadescription}
Атырау облысында тасқын қаупі күшейді
Атырау облысында тасқын қаупі күшейді

Атырау облысында тасқын қаупі күшейді

Атырау облысында тасқын қаупі күшейді. Әсіресе Махамбет ауданындағы Талдыкөл, Сарайшық ауылдары су астында қалуы мүмкін. Көлкіген су ауыл іргесіне жеткен. Сондықтан тұрғындар ерікті түрде қауіпсіз жерге көшіп жатыр. Өйткені қалаға қатынайтын жолды су шайып кету қаупі бар.

Қазір ауылдан 146 тұрғын эвакуацияланды. Яғни қарттар, балалар мен жүкті әйелдер қауіпсіз аймаққа көшірілген. Олар Атырау қаласындағы Апек колледжіндегі эвакуция орталығына орналасты. Ал ер-азаматтар ауылын табиғи апаттан қорғауға, бөгеттерді күшейтуге атсалысып жатыр.

Жалпы Талдыкөл ауылында 221 түтін бар. Онда мың екі жүзден астам халық тұрады. Ауыл әкімінің айтуынша, Жайық өзені бес шақырымға жайылып кеткен. Дегенмен бөгеттеріміз бекем, тасқынға төтеп бере аламыз дейді жауаптылар.

Сейілбек Зұлхашов, Бейбарыс ауыл окургінің әкімі:

Ауылда күні бүгінде 70 әскери қызметкер, 25 ТЖ қызметкері жұмыс істеп жатыр. Сонымен қоса 30 жергілікті полиция қызметкері күндіз де, түнде де кезекшілік қызметте жүр. Жалпы енді ауыл бойынша эвакуация орталықтарына орындарға келген тұрғындар бойынша құжаттар жасақталып ақпарат беріліп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде