{metadescription}
Утильалым: Қостанай мен Қарағандыдағы екі ірі компания сатылымға шығарылады
Утильалым: Қостанай мен Қарағандыдағы екі ірі компания сатылымға шығарылады

Утильалым: Қостанай мен Қарағандыдағы екі ірі компания сатылымға шығарылады

Ескі көліктерді жоюмен айналысқан Қостанай мен Қарағандыдағы екі ірі компания жуырда конкурс арқылы сатылымға шыққалы отыр. Мұның алдыда ол сот шешімімен мемлекет меншігіне өткізілген болатын.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, қазір елде темір-терсек жинайтын 200-ге жуық компанияның лицензиясы бар. Олар ескі-құсқы көліктерді қабылдауға дайын. Бас эколог утильалымнан мемлекет пайдасына биыл 400 млрд теңге түсетінін санап қойған. Оның жартысын тұрмыстық қалдықты жоюға бағыттамақ. Нарықта ешқандай монополияға жол берілмейді деп сендірді министр. 

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

Біз зерттеп қарағанда, 196 мекемеде рұқсаты бар, лом, темір жинап, ескірген машине жинап, соны утилизация жасауға. Бүгінде бес-алтауын нақты барып көрдік, жұмыс істеп тұр. Іс-шараның алгоритмін белгілеп берсек, бұл жұмыс басталады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде