{metadescription}
Мәжілісмен Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасылға қатысты жаза қатаңдатылды
Мәжілісмен Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасылға қатысты жаза қатаңдатылды

Мәжілісмен Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасылға қатысты жаза қатаңдатылды

Мәжілісмен Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты жаза қатаңдатылды. Жоғарғы сот істі қайта қарап, екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындаған. Нұрасыл Болаттың шетелге шығуына, клубтар мен барға баруына, ішімдік ішуіне, сондай-ақ сағат түнгі 11-ден кейін дала шығуына тыйым салынады.

Қоғамда үлкен дау туғызған төбелес былтыр қыста болған. Атақты спортшы, әрі Мәжіліс депутатының ұлы қызды жұлқылап жатқанын көшеде көрген ерлі-зайыпты араша түспек болады. Алайда әскери бөлімнен қашып, қыдырып жүрген сарбаз сабырға келудің орнына Черновтар отбасына жұдырық ала жүгірген. Бұған дейін қасақана денсаулыққа орта дәрежедегі зиян келтіргені үшін Тұрлыхановтың ұлы тек айыппұл арқалаған. Кейін жәбірленуші тарап апелляциялық шағым түсіріп, Нұрасыл Болатты бас бостандығынан айыруды сұрады. 

ҚР Жоғарғы соты:

Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сот актілерін өзгертіп, Нұрасыл Болатқа екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Әрқайсысына 1 миллион теңгеге дейін моральдық залалдың өтемақы мөлшері өсірілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.