{metadescription}
Тарихи жәдігерлер тоналып жатыр
Тарихи жәдігерлер тоналып жатыр

Тарихи жәдігерлер тоналып жатыр

Тарихи жәдігерлер тоналып жатыр. Жамбыл облысы Меркі ауданының тұрғындары мемлекет қорғауына алынған мәдени ескерткіштің орнында құрылыс жүріп жатыр деп дабыл қақты. Айтуларынша, қола дәуірінің қорымдары тұрған жер кәсіпкерлік мақсатқа сатылып кеткен. Жергілікті жұрт қорым үстіне құрылыс жүргізіп жатқанына наразы.

Ал жерді сатып алған кәсіпкер бар құжатым заңды дейді. Тарихи орынға ғылыми сараптама жасатуды жылдар бойы созып келген әкімдік өкілдері мәдени мұраны қорғауға қауқарсыз. Өйткені тарихи мұраға тиісті құжат енді жасалмақ.

Ескерткішке қиянат жасағандардың тракторы аударылып қалды.

Құрылысты тоқтатуды сұрап араша түскен ауыл азаматтары қола дәуірінен сыр шертетін «Ақшешек» обалы қорымы аяқасты болды деп ашулы. Айтуларынша, бұл төмпешіктердің тарихы тереңде жатыр. Мұнда 2009 жылы ғылыми экспедиция ұйымдастырылып, қорым мәдени мұра ретінде мемлекет қорғауына алынған. Алайда кейіннен жерді пайдаланудың мақсаты өзгертіліп, мұнда тұрған жәдігерлер жоғала бастапты.

Асқар Қызылов:

Бұл жерде балбал тас болатын. Оны анау жылы Иманалиевтің баласы ұрлап кетті. Бұл іс полицияда жатыр. Қазір іс қозғалып жатыр, жаңадан. Бұл балбалды археологтар көп, майда кувшиндардың сынығынан тапқан. Бұл не деп сұрадық, сөйтсек бұл жерге қазақтар соғысқа кетіп бара жатқанда ант берген екен. Тарихи орынның тас-талқанын шығарып жатыр. Бұл келешекке, балаларымызға керек нәрсе ғой.

Тұрғындар Кеңестер кезінде бұл жер ауылдың мал айдайтын жолы болғанын айтады. Кейін еңбек ұжымдары таратылғанда жергілікті латифундистің жеке меншігіне өтіп кеткен дейді. Осылайша жер бөлшектеніп сатылған. Ал мал шаруашылығымен әлі де айналысып отырған шаруалар мал өтетін жер қалмағанын айтып, биліктен көмек сұрайды.

Тоқан Мұсабаева қожалық жетекшісі:

Бұл тарихи дүние, келешекте балаларға керек. Бұл аруақты жер. Әкімшілік қалай бергенін білмеймін. Мынау қорған, менің мемактымда өтпелі, жүргін жол дала бойынша деген бар. Біздің алдымыздың бәрін жауып тастап, тіпті малымызды айдайтын жер жоқ.

Қазір тарихи орын аумағында құрылыс қарқын алған. «Жерді сатып алдым» деген кәсіпкер мұнда «ешқандай қорым жоқ, құрылыс жүргізуге барлық рұқсат қағазым бар» дейді.

Қайсар Молдақұлов кәсіпкер: 

Осыны әдейі қойып қойған. Мынау баяғыдан бері осылай тұр деп ойлайсыздар ма, мынаны әкеліп қояды, анда-санда жоқ болады. Комиссия, бір бәле келген кезде тық еткізіп қойып қояды. Мен бұл жерге қазақ үйімды саламын. Біз жер қазып , іргетасын құйып жатқан жоқпыз.

Ал Меркі ауданы бойынша тарихи ескерткіштерді қорғау инспекторы «Ақшешек» обалы- қорымы мәдени мұралар тізіміне енгізілгенін айтады. Алайда бұл аймақты қорғау қорымның барын жоққа шығарған кәсіпкерге жүктелген көрінеді.

Талғат Сұлтанов; Меркі ауданы, Тарихи өлкетану музейінің инспекторы:

Сол жерде ерте Темір дәуірі мен кейінгі орта ғасырға жататын обаларды анықтаған болатын. Ескерткіштің күйін анықтап, жер пайдаланушыға түсіндіру жүргізді. Қолына қорғау міндеттемесін берді. Бұл жерде ешқандай құрылыс жүргізуге болмайтынын туралы. Салып жатса, ары қарай жұмыс жүргіземіз. Тоқтату керек.

Меркі өңірі ерте Темір дәуірінде Батыс Түрік қағанатының орталығы болған. Мұнда 224 тарихи орын бар. Осындағы 73 құнды ескерткіштің тиісті құжаты бар. Ал 150 ескерткішке ғылыми сараптама жасалып, құжат берілмеген. Осылайша жылдар бойы созбалаңға салынып, тарихи құндылығы анықталмай келген нысандар құрып кетудің аз-ақ алдында тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде