{metadescription}
Тасқыннан кейін Оралда шыбын-шіркей көбейді
Тасқыннан кейін Оралда шыбын-шіркей көбейді

Тасқыннан кейін Оралда шыбын-шіркей көбейді

Оралда биыл маса мен шыбын-шіркей көбейді. Тасқыннан соң мұндай зиянкестердің қаптайтын әдеті бар дейді мамандар. Бүгінде бюджеттен оларды улауға 105 миллион теңге бөлінген. Шенеуніктер бұл ақша жетпей қалуы да мүмкін деп отыр.

Күннің салқындығына қарамастан маса шағып, оралдықтардың мазасын алып жатыр. Көшеде шыбын-шіркейдің көптігінен еркін жүре алмайсың. Ылғалды ауа райы, көлшіктің көптігі мен тасқыннан кейінгі жиналған шалшық маса мен шыбын-шіркейдің жұмыртқа салуына қолайлы болып отыр. Қазір мамандар қала шетіндегі аумақтарды улап жатыр. Саяжай ұжымдары мен жайылымдарды толық дезинфекциялаймыз деп шешкен. Ал қаланың қақ ортасындағы көшелерде зиянкестерді улау мәселесі шешілмеді. Себебі: бес жыл бұрын кейбір тұрғындар аллергиямызды қоздырады деп шағымданып, содан бері улауды тоқтатқан. Сондай-ақ әлі су кетпеген сайжай бірлестіктерінде де дезинфекция жасауға мүмкін болмай тұр.

Қанат Өмірәлиев, БҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

Кейбір жерге біз бара алмай отырмыз. Қай жер болсын, су деңгейі әлі түскен жоқ. Соған байланысты су бар жерлер уланып жатыр. Су толық түспеуіне байланысты улауға мүмкіндік бермей жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде