«Түлен түртті». Оралдық жігіт ауладағы жеті көліктің быт-шытын шығарды
Оралда 21 жастағы жігіт көпқабатты үйдің ауласында тұрған жеті көліктің быт-шытын шығарды. Түн жарымында оны не түлен түрткенін енді тергеушілер анықтап жатыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
14.05.2024
Оқиға Орал қаласының шетіндегі Зашаған кентінде болды. Көліктердің әйнегін темірмен талқандап жүргенін куәгерлердің бірі түсіріп алыпты. Машинаның дабыл жүйесі қосылғанда, оның ырғағымен билеп те қояды. Қатар тұрған жеті көліктің терезесінің түгін қалдырмаған. Ауыр кірпішпен де сындырып, машинаның төбесінде тұрып секірген. Есірткіге еліріп есінен айрылған жігіттің үстінен бұзақылық бабы бойынша іс қозғалды. Ал келтірген шығыны есептеліп жатыр.
Нұржан Қуанғали, БҚО ПД баспасөз хатшысы:
— Ұсталды, қылмыстық іс қозғалды. Оның мас күйде болғаны анықталды. Ұйықтататын дәріні көп мөлшерде қолданып, осындай іс-әрекетке барған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!