{metadescription}
Тасқын: 55 ауданнан 100 шақты бригада Петропавлды қалпына келтіруге кірісті
Тасқын: 55 ауданнан 100 шақты бригада Петропавлды қалпына келтіруге кірісті

Тасқын: 55 ауданнан 100 шақты бригада Петропавлды қалпына келтіруге кірісті

Петропавлда тасқын талқандаған көшелерді және бүлінген баспаналарды қалпына келтіре бастады. Жұмысқа 55 ауданнан сайланып келген 100 шақты бригада жұмылдырылды. Әзірге олар ағын су айдап әкелген қоқысты жинаумен айналысып жатыр.

Петропавлдағы тасқында екі мыңнан аса жер үйді су басып, көшелердің астаң-кестеңі шыққан. Жан-жақтан келген бригадалар судан бүлінген үйлерді жөндеп беруі тиіс. Құрамында құрылысшы, сылақшы, электригі бар жұмыс тобы өзімен бірге арнайы техникасын да ала келген. Бірақ кейбір үйлер әлі күнге дейін суда тұр. Сондықтан бригадалар бірден іске кірісе алмаған.» Жердің кебуіне екі аптадай уақыт керек» - дейді мамандар. Әр бригадаға жөнделуге тиіс үйлер бөлініп берілген. Бірақ комиссия әлі зерттеп жатыр, нақты қанша үйге жөндеу қажет екені әзірге белгісіз.

Қазір жұмысшылар алдымен шашылған көше жинауға кіріскен. Топан судың екпіні қатты болғаны соншалық, жан-жақтан ағып келген қоқыс тым көп. Осы жұмыс аяқталған соң, тұрғын үйлердің құрылысы басталады.

Ержан Мұстафин, бригада жетекшісі:

Тұрғындар сумен әкелген қоқысты жинай алмайды. Қоқыс арасында ағаштар, темірлерғ әйнектер бар. Жас жігіттер керек, киімі, қолында қолғап болуы керек және арнайы техника қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.