{metadescription}
Мопедшілер ішімдік ішсе, жол ережесін бұзса — жауапқа тартылады
Мопедшілер ішімдік ішсе, жол ережесін бұзса — жауапқа тартылады

Мопедшілер ішімдік ішсе, жол ережесін бұзса — жауапқа тартылады

Көлік жүргізушілерімен қатар мопед тізгіндегендер де ішімдік ішсе немесе өзге де жол ережесін бұзса — жауапкершілікке тартылады. Мәжіліс мопедшілерді толыққанды жол қозғалысына қатысушылармен теңестіретін заң жобасын мақұлдады. Заң күшіне енген соң, мопед жүргізушілеріне қандай талап қойылады? Ол қауіпсіздікке қалай әсер етпек?

Парламенттің төменгі палатасы қабылдаған құжат күшіне енгеннен кейін әрбір мопедші «А1» жүргізуші куәлігін алуға міндеттеледі. Алайда А, В және С санатындағы құжаты бар жүргізушілер емтиханнан босатылып, бұл куәлік оларға автоматты түрде беріледі. Ал мопедтердің өзі тіркеуден өтіп, иесі мемлекеттік нөмір алуы қажет. Қазір оның жай-жапсарын ішкі Істер министрлігі ойластырып жатыр.

Заң жобасын әзірлеушілер мұндай шаралар жолдағы тәртіпті ретке келтіруге көмектеседі деп есептейді. Мас жүргізушілердің кесірінен болатын жол апаттарының саны едәуір азаймақ.

Айта кетейік, ішімдік ішіп, мопед тізгіндерге қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін қазір 18 мың теңге көлінде айыппұл ғана салынады.

Екатерина Смышляева, Мәжіліс депутаты:

Ұсынылған ережелер күшіне енгеннен кейін, сол көлік құралының иесі толыққанды жүргізушіге айналады және «мас күйінде көлік құралын басқару» бабы бойынша жауапқа тартылады. Бұл бап бойынша 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру қарастырылған.

Қажетті санаттағы куәлікті алу және мопедті тіркеу үшін оның иесіне заң күшіне енген сәттен бастап тура жарты жыл беріледі. Бұл уақыттан кейін жол полициясының қызметкерлері жаппай тексеруді бастауға дайын отыр.

Бір айта кетерлігі, көлікті тіркеу кезінде жүргізушілер мемлекеттік баж салығын төлеуі тиіс. Ал оның көлемі қалтаға салмақ салмайды дейді депутаттар.

Асхат Рақымжанов, Мәжіліс депутаты:

Негізі бұл қызмет әрбір адамға қолжетімді, яғни «А1» санаты бойынша жүргізуші куәлігін аласыз, соcын жаңылмасам, 3-4 мың теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын төлесеңіз болғаны. Бәріне қолжетімді деп ойлаймын.

Сонымен қатар қос дөңгелекті көлік құралын жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізіп, оны сақтандыру да қажет. Әзірге мопедке мотоциклдер секілді есептеу коэффициент қарастырылып, барлық жауапкершілік жүктелмек.

Енді балалар бұл көлік түрін тізгіндей алмайды. Заң бойынша мопедтің жүргізуші куәлігі тек 16 жастан берілмек. Ал ол құжатсыз мопедке жолауға тыйым салынады.

Бұдан былай жүргізушілер арнайы мектепте ғана оқытылады. Яғни өз бетінше емтиханға дайындалу алынып тасталады. Сонымен қатар заң аясында республикалық жолдарда орташа және максималды жылдамдық енгізілмек. Ол бақылау-өлшеу құралдары орнатылған жолда және қала сыртындағы айналма жолы жоқ жерде автоматты түрде есептеледі. Бүгінде ел бойынша 94 қондырғы орнатылған. Мәжілісмендер бұл түзетулер жүргізушілердің жылдамдықты азайтып, оның салдарынан туындайтын апатты болдырмауға сеп болатынына сенімді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.