{metadescription}
Уақыт белдеуі: Петицияға 4 мыңнан астам адам қол қойған
Уақыт белдеуі: Петицияға 4 мыңнан астам адам қол қойған

Уақыт белдеуі: Петицияға 4 мыңнан астам адам қол қойған

Қазақстан бұрынғы уақыт белдеуіне қайта көшуі мүмкін бе? Желіде бір ай бұрын жарияланған петицияға бүгіннің өзінде 4 мыңнан астам адам қол қойып үлгеріпті. Үкімет азаматтардың үнін ескеруі үшін жиналған қол саны 50 мыңға жетуі керек.

Сағаттың ауысуына жауапты болған сауда және интеграция министрлігі ресми сайттағы дауыс санын күнделікті бақылап отыр. Түпкілікті шешім желтоқсан айында қол қойылған адам санына байланысты қабылданады дейді.

Биыл 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні еліміздің 15 өңірінде сағат тілі кері шегерілді. Мамандар уақытты өзгерту арқылы адамдардың миы тынығып, науқас саны кеми түседі деген болатын. Бүгінде сағаттың ауысуына, әсіресе Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары наразы. Жергілікті жұрттың пікірінше, бұл аймақ онсыз да бесінші  сағат белдеуінде орналасқан.

Қайрат Төребаев, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:

Менің білуімше, петиция шамамен бір ай уақыт бұрын жарияланды. Ресми сайтта уақыттың қайта қалпына келтірілуіне 4 мыңнан астам адам қол қойған. Регламент бойынша нәтижені күтуіміз керек. Содан кейін ғана жұмысқа кірісеміз. Түпкілікті шешім шығарарда бірнеше министрліктің өкілдерімен міндетті түрде ақылдасамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.