{metadescription}
Биыл Атырауда зиянкестер ошағы үш есеге көбейген
Биыл Атырауда зиянкестер ошағы үш есеге көбейген

Биыл Атырауда зиянкестер ошағы үш есеге көбейген

Атырау облысында биыл шегіртке күрт көбеюі мүмкін. Зиянкестердің азиялық және италиялық түрі 20 мамырдан бастап қаптай бастайды дейді мамандар.

Осыған байланысты өңірде 86 210 гектар жерге химиялық өңдеу жүргізіледі. Оның ішінде Құрманғазы, Исатай, Қызылқоға, Индер аудандарындағы 60 мың гектарға жуық таулы-қырлы аймақтар италиялық прусқа қарсы дәрі шашылады. Ал сулы-қамысты 28 мың гектар аумаққа шегірткенің азиялық түріне қарсы химикаттар себілмекші.

Өткен жылы бар-жоғы 28 мың гектар жер дәріленсе, биыл  зиянкестер ошағы үш есеге көбейген. Атырау облысындағы  шегірткемен күреске алматылық және оралдық компаниялар жұмылдырылады. 

Абила Қазиева, ҚР АШМ АӨК МИК Атырау облысы аумақтық инспекция басшысы:

Жалпы химиялық өңдеу шегіртке көрінген кезде жасалмайды, толқынды шыққан кезін күтіп, екінші-үшінші жас сатысына жеткен кезде бастаймыз. Ол мамыр айының үшінші он күндігі деп есептеп отырмыз. Былтырға қарағанда үш есе көбейіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде