«Кісі өлтірген». Іздеуде жүрген күдікті Түркиядан экстрадицияланды
Екі жыл бұрын кісі өлтірді деген күдікпен іздеуде болған азамат бүгін Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды. Бас прокуратура оны қарақшылық, адам өлтіргені және автокөлік ұрлағаны үшін жауапқа тартпақ.
Автор: Гүлвира Сейтенова
15.05.2024
Қылмыс 2022 жылдың наурызында Алматы облысында болған. Күдікті ағасымен бірге 300 млн теңгенің темекі өнімін тасымалдаған жүк көлігінің жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған. Ағасы көп ұзамай ұсталып, сотталып та кетіпті. Ал із суытып үлгерген інісі жауапқа енді тартылады.
Әсел Берқалиева, ҚР Бас прокуратура өкілі:
— Қылмыскерлер жүргізушіні өлтіріп, оның мәйітін жол бойындағы шұңқырға көмген. Қылмыс жасағаннан кейін күдіктілердің бірі ұсталып, нәтижесінде сотталды, ал екіншісі тергеуден қашып үлгерді, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланды. 2023 жылы тамыз айында екінші күдікті Түркия аумағында ұсталды. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторында қамауда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!