{metadescription}
Шымкент: Жаңа берілген үйлерді су басып, қабырғасы көгеріп жатыр
Шымкент: Жаңа берілген үйлерді су басып, қабырғасы көгеріп жатыр

Шымкент: Жаңа берілген үйлерді су басып, қабырғасы көгеріп жатыр

Шымкентте берілгеніне екі жыл ғана болған тұрғын үйлердің жертөлесін су басып, қабырғалары көгеріп жатыр. Элиталы баспана деп салынған «Әдия-2» кешені бағасына татымайды дейді тұрғындар.

Себебі шаршы метрі 300 мың теңгеден сатылған көпқабатты үйлерде мердігерлер «балкон, көгілдір отын болады» деп сендіріпті. Бірақ қазір оның бірі де жоқ. Тіпті жарық жиі сөніп, тас қараңғыда отырамыз дейді. Алайда құрылыс компаниясы «түймедейді түйедей қылып көрсеткен» тұрғындардың өзін кінәлап отр.

Тұрғындар «Әдия -2» деп аталатын тұрғын үй кешенінен баспана алғанынына өкініп жүр. Себебі, берілгеніне екі жыл ғана болған үйдің іші түгілі, сыртының өзі қауіпті дейді. Кәріз қақпақтары ойнап, сояудай электр сымдары сыртта ашық жатыр. Жарнамасы жер жарған пәтерлерге қарапайым газ да тартылмаған дейді тұрғындар.

Малика Жақсыбаева:

«Газ плита бар, дайын кілемдеріңді саласыңдар, кілемдеріңді ілесіңдер, отыра саласыңдар» деген еді. Газ плитаны, балконды сұрасаң, «ол шартта жоқ, көз қай жақта болды» дейді. Білмеймін, не істейтінімді.

Жаңа салынған баспаналардың іші көгеріп жатыр. Банктен 25 жылға несие алып қоныстанған Нұржан Әбдешов пәтерді бірнеше мәрте жөндеткен.

Нұржан Әбдешов:

Үйдің бәрі, астының бәрі көгеріп кеткен. Ойылған соң көбік тықтым. Суық, жел уілдеп тұр. Міне, көгеріп жатыр . Шаршы метрі 380 мыңнан түсті, бесінші қабат. Лифті жоқ. Бұл үйді мен бір жыл жарым күттім.

Үйлердің жертөлесі судан құрғамайды дейді тұрғындар. Жауынның да, құбырдың да суы үйдің астына құйылады екен. Соның кесірінен қысы мен жазы маса қаптап, ылғалдан үйдің іргетасы мүжіліп жатыр деп алаңдауда.

Ал үйді салған мердігер келісімшарт бойынша балкон мен газ плита болмаған деп отыр. 31 көпқабатты үйдің үшеуінде құбыр жарылып, жертөлені су басқанын да жасырған жоқ. Қазір ондай кем-кетіктерді қалпына келтіріп жатыр екен.

Құттықыз Бекназарова, «Алтын Лэнд» компаниясы директорының орынбасары:

Көктемде істелінбейтін жұмыс болғандықтан, жазға қалдырдық, қазір күн жыли басталынады. Бір-екі ай көлемінде жөнделеді. Бірақ бізде компанияның беретін бес жылдық кепілі бар. Ол тек үйдің сыртына және жертөлеге, шатырына беріледі.

Бұл үйлердің ешқайсысына суық су мен жарық үшін есептеуіш құрал қойылмаған. Сондықтан мердігер жылу мен жарыққа ай сайын қыруар қаражат шығындап отырмыз дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде