{metadescription}
Маңғыстауда шенділер 1,4 млрд. теңгені заңсыз жұмсамақ болған
Маңғыстауда шенділер 1,4 млрд. теңгені заңсыз жұмсамақ болған

Маңғыстауда шенділер 1,4 млрд. теңгені заңсыз жұмсамақ болған

Маңғыстауда прокуратура 1,4 млрд. теңгені заңсыз жұмсамақ болған шенділердің жолын кесті. Осылайша ірі көлемдегі бюджет қаражатын негізсіз жұмсаудың алдын алды.

Ақтауды сумен, жылумен қамтамасыз ететін монополист “Маэк” компаниясының мемлекеттік сатып алу конкурсында өрескел талаптарды бұзғаны анықталды. Комбинат басшылығы өндіріске пайдаға аспайтын құрылғыны алғысы келген. Осы мақсатта кәсіпкерлік нысанмен бір көзден алу тәсілімен негізсіз шарт жасасқан.

Сот шешімімен келісім жарамсыз деп танылды. Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылып, бірқатар басшы қызметінен босатылған.

Мерген Меңдіғалиев, Маңғыстау облысы прокуратурасы басқарма бастығы:

Қосымша алуға құрал-жабдықтар жоспарлаған. Бірақ процедураларын заңсыз жасаған. Сондықтан прокурорлық қадағалау актісін енгіздік. Қазір келісімшарттар жарамсыз деп танылды. «Маэктың» орынбасары орнынан босатылды және екі басшылық қызметтегі лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде