Атырау облысының әкімі Құлсары тұрғындарының талабын тыңдады
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов тасқыннан зардап шеккен Құлсары халқымен кездесті. Тұрғындардың талабын тыңдаған өңір басшысы өтемақы әр тұрғынның есепшотына аударылатынын айтты. Апаттты деп танылған тұрғын үйлердің құны нарықтық бағамен, яғни 200-240 мың теңге аралығында есептелетін болды.
Автор: Жанат Молдашова
16.05.2024
Қазір Құлсары қаласында жылжымайтын мүлікке техникалық тексеру және бағалау жүргізілуде. 2950 өтініш қабылданған. Оның 2670-ін комиссия қарап жатыр. Суда қалған 756 тұрғын үй апатты деп танылған. Кеше 100-ден астам тұрғынға бағалау парақтары таратылыпты. Екі күн ішінде олар ақшалай өтемақы алуға өтініш жаза алады. Жауаптылар бұл жұмыстарды он күн ішінде аяқтауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ баспана үшін берілген өтемақының сол мақсатта жұмсалуы керектінін де атап өтті.
Серік Шәпкенов, Атырау облысының әкімі:
— Біз есептерді бастадық. 15-інен бастап береміз дегеннен кейін. Бір жұма, он күн ішінде түгелімен бағалауын жеткіземіз. Заңға сәйкес, бағалау құнымен қараймыз. Қаражатты тұрғын үйді сатып алуға немесе сол жерден салуға береміз. Сондықтан сіздерден өтініп сұрайтынымыз, бұл қаражатты бергеннен кейін, оның мақсатты жұмсалуы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!