{metadescription}
Су басқан аймақтардағы мектеп түлектеріне арнайы грант беріледі
Су басқан аймақтардағы мектеп түлектеріне арнайы грант беріледі

Су басқан аймақтардағы мектеп түлектеріне арнайы грант беріледі

Су басқан аймақтардағы мектеп түлектеріне арнайы грант беріледі. Ал Ұлттық біріңғай тест бұл өңірдің балаларына сәл кейінге шегерілген.

Болатбек Әбдірасылов, Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

Төтенше жағдай режимі жарияланған алты өңірде Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Батыс пен Солтүстік Қазақстан облыстарында тестілеу сәл кейінірек басталады. Біз балаларымыздың  жағдайын ескере отырып, тіркелу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін осындай шешім қабылдадық. Яғни ол жерлерде тіркелу уақыты 20 мамырға дейін ұзартылды.

Бүгін еліміздің 14 аймағы үшін негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Ал Қостанай мен Ақтөбе облыстарының талапкерлері жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын 25-мамырда тапсырады, Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстарында тестілеу 27-мамырға белгіленген. Соңғы болып Атырау және Ақмола өңірлерінің мектеп бітірушілері білімін тексермек.

Қазір 181 мың талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген. Оның ішінде тапсырушылардың 75 пайызы қазақ тілін таңдапты. Алдағы оқу жылына талапкерлерге 112 мың грант бөлінді. Оның басым бөлігі инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына тиесілі.

Грант санының 23 мыңға артуын Ұлттық тестілеу орталығының директоры жыл сайынғы демография өсіммен байланыстырады.

Болатбек Әбдірасылов ҰБТ сертификаттары мен тест жауаптарын сату сынды жыл сайын қайталанатын шиеленістердің алдын алу бойынша шараларға тоқталды.

Болатбек Әбдірасылов, Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

Көп мәселе мектептегі мұғалімдерге де байланысты . Енді ол тәрбие жұмысы, мынау академиялық адалдық деген мәселелер университеттерде енгізілді. Біз ойлаймыз ,бұл мәселелерді мектептерге де енгізу керек. Әр аймақта арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Сол жердегі университеттердің басшылары, білім басқармасының басшылары, әкімдіктің қызметкерлері, құқық қорғау органының қызметшілері сол комиссияны басқарып отырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде