{metadescription}
Сенатор: Утильалымды жоймасақ, ескі-құсқы көліктен көз ашпаймыз
Сенатор: Утильалымды жоймасақ, ескі-құсқы көліктен көз ашпаймыз

Сенатор: Утильалымды жоймасақ, ескі-құсқы көліктен көз ашпаймыз

Утильалым салдарынан шаруалар жаңа техника алуды қойған. Мәжілісмендер көптен көтеріп жүрген бұл мәселе бүгін Сенатта да қозғалды. Алымның бұл түрін жоймасақ, ескі-құсқы көліктен көз ашпаймыз дейді сенатор Әли Бектаев.

Әли Бектаев, Сенат депутаты:

Халықты алаңдатып, наразылығын туғызып отырған кәдеге жарату алымы, «утильсбор» деген нәрсе бар. 2024 жылғы жағдай бойынша утильалым көлемі 1 трактор ға 370 мыңнан 7 миллион 380 мың теңге. Ал бір комбайн үшін 600 мыңнан 800 мыңға дейін аралығында. Оны төлеуге шамасы келмеген орта және шағын шаруашылықтар жаңа техника алуды қойды.

Депутаттың келтірген деректеріне сүйенсек, ауыл шаруашылығында пайдаланып жүрген техниканың 76 пайызы тозған. Бір күн істесе, үш күн жөндеуде жатады. Сондықтан диқандар жер жыртуда да, еккен көл-көсір өнімін жинау кезінде де кестеден біршама кешігіп жүр. Сайып келгенде, барлығы тозған техниканың кесірі. Бір ғана мысал, қазір қолда бар тракторлар мен комбайндар 16 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келе жатыр. Ал жаңасын әкелейін десе, алымның небір түрі қосылып, бағасы еселеніп шыға келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.