{metadescription}
Ақтөбеде үлескерлер үй құрылысын үш жыл бойы күтіп жүр
Ақтөбеде үлескерлер үй құрылысын үш жыл бойы күтіп жүр

Ақтөбеде үлескерлер үй құрылысын үш жыл бойы күтіп жүр

Ақтөбеде үлескерлер шу шығарды. Олар үш жылдан бері бес қабатты қос үйлі кешеннің құрылысының аяқталуын күтіп жүр. Шыдамы таусылған 15 тұрғын тәртіп сақшыларына да арызданған. Бірақ одан жанданған құрылыс жоқ деп ашынады олар.

Марат Ахметов:

Халық, біз сияқты біраз адам жүр. Соңғы ақшасын осында салып жіберіп, міне, енді үйіне кіреміз деп, екі жылдан бері пәтер жалдап қиналып жүр. Неге мұның мәселесін қарамайды? Қашан?! Халық шулап жатыр, бала-шағамызбен. Пәтер жалдау да оңай емес, айына 150 мың теңгеден.

Кешен құрылысының аяқталмай жатқанын айтып үлескерлер бірнеше рет наразылық білдіріпті. Бұған дейін облыс әкімдігі алдына жиналып, аймақ басшысымен де кездескен. Бірақ одан түк пайда болмады деп отыр. Компания алғашқыда «2022 жылдың соңына дейін қоныс той тойлайсыңдар» деп уәде етсе, кейін құрылысты аяқтау «мерзімі ұзарды» деп ақталған. Расында да сәулет саласына жауапты мекемеден биылдың соңына дейін бітіру керек деген талон алған. Әлі жарты жылдай уақытымыз бар деп, арқасын кеңге салған. «Үлескерлердің ақшасынан шашау шығармағанымызды тергеушілерге де дәлелдедік» - дейді компанияның адвокаты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде