{metadescription}
Сахнада бейәдеп әрекетке барған әртістер енді жазаға тартылады
Сахнада бейәдеп әрекетке барған әртістер енді жазаға тартылады

Сахнада бейәдеп әрекетке барған әртістер енді жазаға тартылады

Сахнада бейәдеп әрекетпен көзге түскен әртістер енді жазаға тартылады. Шектен шыққан өнер адамдарын тәубеге келтіретін қаулы жобасын мәдениет министрлігі «Ашық» талқылау порталында жариялады.

Қаулыға сәйкес, мәдени-бұқаралық шаралар өткізгенде сахнадан бейәдеп сөз қолданғандар, ішімдік ішіп, наша шеккендер ірі көлемде айыппұл арқалайды. Мәселен, мемлекет есебіне жеке тұлғалар 553 мың теңге, ал заңды тұлғалар 1 миллион теңгеден астам қаржы өтейді. Бейәдеп тірлігі қайталанған жағдайда айыппұл көлемі де еселене түспек. Бұл шара өнер жұлдыздарының бұқара алдындағы жауапкершілігін сезінуіне бағытталған деп отыр мәдениет министрлігі.

Айта кетейік, соңғы жылдары жағымсыз қылықтарымен әлеуметтік желінің «жұлдызы» атанған әртістердің қарасы біршама көбейген. Оның ішінде отандық әртістермен қатар шетелдік танымал өнер адамдары да бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде