{metadescription}
Пульмонологтар аурудың алдын алу, емдеудің заманауи тәсілдерін талқылады
Пульмонологтар аурудың алдын алу, емдеудің заманауи тәсілдерін талқылады

Пульмонологтар аурудың алдын алу, емдеудің заманауи тәсілдерін талқылады

17 мамыр — Халықаралық пульмонолог дәрігерлер күні. Алматыда білікті дәрігерлер респираторлық аурулардың алдын алу, оны емдеу жолдары мен заманауи тәсілдерін талқылады. Аталмыш шараға ресейлік әріптестер де қатысты.

Ғылыми конференцияны «Пульмонологтар және торакальды хирургтар» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Баяндамашылар арасында отандық дәрігерлер ғана емес, Ресейден келген мамандар да болды. Олар тыныс алу жолдары ауруларының заманауи емдеу тәсілдерін, алдын алу мен диагностикалау жолдарын талқылады. Сонымен қатар аталмыш саладағы халықаралық тәжірибені бөлісті.

Сәуле Қасенова, «Пульмонологтар және торакальды хирургтар» қоғамдық бірлестігінің басшысы:

Конференцияның басты мақсаты пульмонолог мамандардың ғана емес, жалпы терапия саласы бойынша ем көрсететін мамандардың тәжірибелерін арттыру, бөлімше дәрігерлері, Алматы қаласындағы емхана дәрігерлерінің білімін жоғарылату.

Екі күнге созылған конференцияда тыныс алу жолы мүшелерінің ауруын туындататын факторлар, көп таралған әрі аса қауіпті саналатын созылмалы обструктивті өкпе ауруы, бронхиалды астма және басқа да тыныс алу жолының инфекциялы немесе инфекциясыз ауру бойынша ғылыми баяндамалар жасалды.

Айнұр Қабанбаева, пульмонолог:

Өзекті мәселелер талқылануда. Ол, ең алдымен, тыныс алу жолы ауруларының ішінде өзекті саналатын ХОБЛ (созылмалы обструктивті өкпе ауруы), бронхиалды асма, бронхит. Соңғы кезде бұл аурулардың өзектілігі өршіп тұр. Себебі дүниежүзі бойынша бұл аурулардың себебінен болатын өлім саны өте жоғары.

Мамандардың айтуынша, шылым шегу өкпенің көптеген ауруына әкеп соғатын ең маңызды қауіпті факторлардың бірі. Сонықтан созылмалы әрі жұқпалы емес аурулардың алдын алып, өлім-жітімді төмендету үшін адам ағзасына кері әсер ететін зиянды әдеттерді тыю конференция аясында талқыланған тақырыптардың бірі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде