Жетісу облысы: Бүлдіршіндері жәбір көрген балабақша жабылды
Тәрбиешілері бүлдіршіндерді тұншықтырып, ұрып-соққан Жетісу облысындағы балабақша жабылды. Ал бүлдіршіндерге қол жұмсаған қызмкеткерлер жұмыстан қуылған.
Автор: Әсем Лесбек
16.05.2024
Оқиға Головацкий ауылындағы «Жаскент» балабақшасында болған. Тәрбиешілердің бір емес, бірнеше рет балаларды тоқпақтағаны мекеменің бейнебақылау камерасына жазылған. Кадрде мұғалімдер бүлдіршіндерді төсекке жатқызуға тырысып, итеріп, ұрады. Тып-тыныш отырған баланы жұлқып, иығынан салып қалады. Ата-аналар олардың соққыға жығылғанын денесіндегі көгерген іздерінен байқапты. Олар дереу полицияға арыз жазып, қылмыстық іс қозғалған. Ал жергілікті әкімдік мекеменің он күнге жабылғанын хабарлады. Сондай-ақ тәрбиешілер мен балабақша меңгерушісінің жұмыстан босатылғанын айтты.
Нұрбол Ханағат, Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы:
— 15 мамыр күні білім және полиция бөлімінің қызметкерлері балабақшадағы бейнебақылау камераларын қарап,тексеру жұмыстарын жалғастыруда. Балабақша меңгерушісі мен тәрбиешінің көмекшісі және негізгі тәрбиеші, үшеуі 15 мамыр күні жұмыстан босатылды. ҚР ҚК 140-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!