{metadescription}
Алматыда ер адам лифтінің жанында бұрынғы әйелін аяусыз ұрып-соққан
Алматыда ер адам лифтінің жанында бұрынғы әйелін аяусыз ұрып-соққан

Алматыда ер адам лифтінің жанында бұрынғы әйелін аяусыз ұрып-соққан

Алматыдағы Шұғыла ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде ер адам лифтінің жанында экс-әйелін аяусыз соққыға жықты. Полиция жұдырығы жуан жігітті бірден тауып алып, қамауға алған.

Бейнебақылау камерасына жазылған видеодан ақ жейде киген ер адам әйелдің соңынан қуып келіп, ұрып-соғып, аяусыз тепкілегенін көруге болады. Ажырасып кеткен екеудің арасында жанжал туындаған сияқты. Әйел лифтіден шығып, баспалдақпен түсіп бара жатқанда, ер адам оның артынан қуып жетіп, тұрғындардың көзінше төмпештей бастайды. Сол сәтте лифт күтіп тұрған екі жігіт жағдайды жай ғана бақылап, әйелге көмекке келмеген. Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

Соққы дерегіне қатысты іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Ол міндетті түрде жауапқа тартылады. Әйелдің алған жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде