{metadescription}
«Қаржы пирамидасы». Қылмыстық топ мүшесі Грузиядан экстрадицияланды
«Қаржы пирамидасы». Қылмыстық топ мүшесі Грузиядан экстрадицияланды

«Қаржы пирамидасы». Қылмыстық топ мүшесі Грузиядан экстрадицияланды

Қаржы пирамидасын құрып, халықты 3 млрд теңгеге алдаған қылмыстық топ мүшесі Грузиядан экстрадицияланды. Күдікті қазір Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторында отыр.

Күдікті 2020 жылы қылмыстық топ құрып, Маңғыстау облысында Plus Capital қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 600-ден астам салымшыны сан соқтырып, 3 млрд теңгеден астам қаражатты қалтасына басқан. Көліктерін және жылжымайтын мүліктерін заңсыз иемденген. Ал прокуратура алаяқтықпен айналысқан бұл қылмыстық топтың кейбір мүшелерін анықтап, түрлі жазаға тартқан. Топтың жетекшісі болған күдікті қылмыс істегенненкейін  шекара асып кеткен. Құзырлы органдар оған халықаралық іздеу жариялады. Ал күдікті былтыр қараша айында Грузия аумағында ұсталған.

Әсел Беркалиева, Бас прокуратураның өкілі:

Сыртқы істер министрлігінің көмегімен ,қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында күдіктіні Грузиядан экстрадициялады. Қазір күдікті Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс істегені үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде