{metadescription}
Бюджет қаржысын тиімсіз жұмсаған 158 лауазымды тұлға жауапқа тартылды
Бюджет қаржысын тиімсіз жұмсаған 158 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Бюджет қаржысын тиімсіз жұмсаған 158 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Былтыр бақандай 500 млрд теңге жуық бюджет қаржысы тиімсіз жұмсалды. Сол үшін 158 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Олардың басым көпшілігі басшылық лауазымда. Ал жұмыстан босатылғаны саусақпен санарлық, бар-жоғы алты шенеунік. Бұл туралы бүгін мәжілісте қаржы вице-министрі мәлімдеді.

Республикалық бюджеттің игерілуі жөніндегі үкіметтің былтырғы есебінде Дәурен Темірбеков тиімсіз пайдаланылған қаражаттың 87 млрд теңгесі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы қалдық екенін атап өтті. Ал пайдаланылмаған нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер жалпы игерілмеген қаражат 143 млрд теңгені құрады. Қалған 258 млрд теңге мемлекеттік аудит және бақылау қорытындылары бойынша анықталған бюджет жүйесі қағидаттарының бұзылуынан екен. Қыруар қаржының тиімсіз жұмсалуына байланысты 80 қызметкер ескерту алса, 72-сіне сөгіс жарияланыпты.

Дәурен Темірбеков, ҚР қаржы вице-министрі:

Бюджет қаражатын тиімді және толық игеру үшін әкімшілердің жауапкершілігін арттыру үшін шаралар қабылданды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірқатар қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде