{metadescription}
Ақтөбеде кірпіні доп қылып ойнаған студенттер жауапқа тартылды
Ақтөбеде кірпіні доп қылып ойнаған студенттер жауапқа тартылды

Ақтөбеде кірпіні доп қылып ойнаған студенттер жауапқа тартылды

Ақтөбеде кірпіні доп қылып ойнаған студенттер ұсталды. Енді олар жануарға қатыгездік жасағаны үшін жауап береді.

Жоғары оқу орнында оқитын 18 бен 20 жастағы үш жігіт орталық саябақта кездеседі. Жол бойында тікенегін жиырып домалана қалған кірпіні көріпті. Еріккен үшеу сүтқоректі жәндікті допша теуіп, инесі аяқ киімдеріне қадалғанша ойнайды. Оны біреуі камераға түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Күдіктілер ұсталғанымен, кірпінің тірі, не өлісі белгсіз.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, үш жігіт тәртіп сақшыларына жауап беріп жатыр. Осы қылықтары үшін 300 мың теңгеден аса айыппұл төлеп немесе 30 тәулікке қамалуы мүмкін.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Полиция бейнежазбадағы жас жігіттерді анықтап, жануарларға қатыгездiкпен қарау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, оның мертігуіне әкеп соққан ,жануарларға қатыгездікпен қарау, 120 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салудан бастап , 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы қарастырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.