{metadescription}
Семейде жоғалған қыздың денесі Ертістен табылды
Семейде жоғалған қыздың денесі Ертістен табылды

Семейде жоғалған қыздың денесі Ертістен табылды

Семейде жоғалып кеткен балалардың бірі өлі табылды. Тәртіп сақшылары 18 жастағы Алтынай Әбішеваның денесін Ертіс өзенінен алып шыққан.

Ағайынды Алтынай мен Абзал 7 сәуір күні із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Тіпті 18 және 16 жастағы колледж студенттерін көрген-білген жан табылмады. Артынша, ұшты-күйлі жоғалған қыз бен ұлды іздеуге шыққан 300-ден астам адам, тек олардың сөмкесін ғана тауып алған болатын.

Алтынайдың жансыз денесі шаһардан 13 шақырым жерден табылып отыр. Қыздың өз-өзіне қол жұмсағаны немесе әлде біреудің қолынан қаза болғаны әзірге белгісіз. Қазір полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде. Ертіс өзенінің жағалауынан бауыры Абзалды да іздестіріліп жатыр.

Елдос Зәкімов, Абай облысы ПД бастығының орынбасары:

Ертіс өзенінен 18 жастағы қыздың денесі табылды. Сотқа дейінгі тергеу және баланы іздеу жалғасуда. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы ерекше бақылауда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде