{metadescription}
Махамбет ауданында Жайық арнасынан асып кетті
Махамбет ауданында Жайық арнасынан асып кетті

Махамбет ауданында Жайық арнасынан асып кетті

Атырау облысында тасқын қаупі әлі сейілмеді. Махамбет ауданында Жайық өзені арнасынан асып, жайылымдарға жайылып жатыр. Өңірдегі елдімекендер мен ауылдар аралда тұр.

Атырау-Орал тас жолын су шайып, бір аптадан бері көлік қатынасы үзілді. Атырау-Индер трассасының да жан-жағын су басып қалған. Бірақ мамандар жол жиегін бөгеп, көлік қатынасын тоқтатпауға тырысып жатыр.

Қазір Махамбет ауданында 26 егін шаруашылығы, 25 мал шаруашылығы, Жайық жағасындағы 4 демалыс орнын су басты. Аудан бойынша 105 шақырымға бөгет жасалған. Бұл өңірде Жайықтың бойында орналасқан 17 елдімекен бар. Олардың ішінде Талдыкөл, Сарайшық, Жалғансай, Махамбет ауылдарын су басу қаупі жоғары.

Қайрат Нұрлыбаев, Махамбет ауданының әкімі:

Су көтеріліп жатыр. Әзірге елдімекендер тыныш. Жайылған суды сай-салаға, каналдарға бағыттап жатырмыз. Аудандағы каналдардағы өр суы қыр жаққа жіберіліп жатыр. Әрине, кейбір канал өзенсуын көтере алмай, арнасынан асып кетіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде