{metadescription}
Ақтөбе облысы: Құйылыс ауылындағы жасанды бөгетті тасқын бұзып кетті
Ақтөбе облысы: Құйылыс ауылындағы жасанды бөгетті тасқын бұзып кетті

Ақтөбе облысы: Құйылыс ауылындағы жасанды бөгетті тасқын бұзып кетті

Ақтөбе облысындағы Құйылыс ауылы қарғын судың қоршауында қалды. Ырғыз ауданындағы бұл елдімекенде жасанды бөгетті тасқын бұзып кеткен. Оны ауылдың ер азаматтары мен құтқарушылар бірлесе екі сағатта қайта қалпына келтірді.

Құйылыс тұрғындарының тасқынмен күресіп жатқанына тура 40 күн болды. Бұл жақта су деңгейі көтерілмесе, әзір қайтатын түрі жоқ. Елдімекендегі ер-азаматтарға 45 әскери қызметкер бір айдан аса көмек беріп жатыр. Ал бала-шаға мен қарттар су келген бойда аудан орталығына көшірілген. Кеше Ырғыз өзенінде толқын көтеріліп бөгетті бұзған.

Қатты жел тұрғанда су биіктігі 1 метр, ені 5-6 метрге дейін жайылыпты. Ауылды аман алып қалу үшін 11 техника жұмылдырылған. Көршілес Қызылорда облысынан да көмек келді.

Нұрлан Қызбергенов, Ырғыз ауданының әкімі:

Тәуіп ауыл округі Құйлыс елдімекенінде көктемгі су тасқынына байланысты 40 күннен бері суды тоқтату жұмыстары жалғасып жатыр. Желдің қаты болуына байланысты, толқынның өте қатты соғуына байланысты бөгеттің он метр жерін алып кетті, бірақ оны екі сағаттың көлемінде орнына келтірдік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде