{metadescription}
Бішкектегі бейберекетсіздіктен зардап шеккен адам саны 41-ге жетті
Бішкектегі бейберекетсіздіктен зардап шеккен адам саны 41-ге жетті

Бішкектегі бейберекетсіздіктен зардап шеккен адам саны 41-ге жетті

Бішкектегі бейберекетсіздік кезінде зардап шеккендер саны 41 адамға жетті деп хабарлайды Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі. Ал шетелдік студенттер шұғыл онлайн форматқа көшірілген.

18 мамырда Бішкектегі шетелдіктер шоғырланған аудандарда жаппай наразылық шарасы өткен болатын. Бұған қырғыз жігіттің шетелдіктермен шекісіп, соққының астында қалуы түрткі болды. Яғни 18 бен 25 аралығындағы 700 -ден аса ер адам шетелдік азаматтардан кек алмақ болып орталық көшеге жиналады. Барлығы Пәкістан, Бангладеш, Египет,Үндістан сынды елдерден келетіндер санының күрт өсуіне қарсы шыққан. Соңы төбелеске ұласып, тәртіп сақшылары оларды әзер ажыратып алды. Бейберекетсіздік салдарынан 41 адам медициналық көмекке жүгінген. Қазір "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру" және "ұлтаралық араздық туғызу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Қамшыбек Тәшиев, Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы:

Көптеген заңбұзушылыққа апарған сол6 Пәкістан және Бангладеш елдерінен келген азаматтар Пәкістаннан келген бүгінгі күнде 1500-ға жуық адамды елден шығардық. Бангладештен келген 1000-ға жақын адамды шығардық Негізінен кешегі шыққан сол адамдардың талаптарын тура деп есептейміз. Бірақ осы мезгілде қоғамдық тәртіпті бұзу, не болмаса мемлекеттік тәртіпті бұзу мәселелері қаралатын болса, онда мемлекет тарапынан қандай да бір шаралар жасалынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде