{metadescription}
Шымкент әкімінің экс-орынбасары М.Исахов сегіз жарым жылға сотталды
Шымкент әкімінің экс-орынбасары М.Исахов сегіз жарым жылға сотталды

Шымкент әкімінің экс-орынбасары М.Исахов сегіз жарым жылға сотталды

Шымкентте қала әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі оқылды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкеріне пара бермекші болған шенеунікке сот сегіз жарым жыл жаза кесті.

Қала әкімінің орынбасары қызметін үш жыл атқарған Мақсұт Исахов үкімді ауруханадан онлайн тыңдады. Тіпті ауыр жазаны естігенде көзіне жас алып, жылап жіберді. Тергеу мәліметінше, ол әкім орынбасары болып тұрған уақытында құбырларды ауыстыруды жеңіп алған компанияның жұмысына кедергі келтірген. Әкімдікпен келісімге келе алмаған кәсіпкер осыдан соң Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арыз түсіріпті. Өзіне қатысты қылмыстық істі қысқарту үшін әкім орынбасары Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті бастығының орынбасарына 200 мың доллардан астам ауызбастырық бермекші болған.

Әбинұр Қарабаев, Шымкент қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

Қағазға жазған 200 мың, видео бар. Ол бір қағазды қалтасынан алып шығарып, соны көрсетіп, сол кезде Сарбасовтың үстінде жазу құралдары болған. Сарбасов «мынау не, 200 мың ба?» деп сұрайды. «Иә, 200 мың» деген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде