{metadescription}
Тасқын: Павлодар облысында жаңа баспаналар салынып жатыр
Тасқын: Павлодар облысында жаңа баспаналар салынып жатыр

Тасқын: Павлодар облысында жаңа баспаналар салынып жатыр

Павлодар облысында да тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға жаңа баспаналар салынып жатыр. Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылында бес үй тұруға жарамсыз деп танылған. Сондай-ақ 120 отбасының дүние-мүлкі бүлініпті. Бүгін облыс әкімі құрылыс жұмыстарымен танысты.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Бір ерекшелігі, төбесі биік, қабырғалары жылыту материалдарымен қапталған. Сондықтан үй жылы, жайлы болады деп сенемін. Осы үйлерді маусым айының соңында аяғына қарай немесе шілде айының басында толықтай аяқтап тұрғындарға тапсырамыз.

Өңірде төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап тәуелсіз комиссия құрылып, тасқыннан келген залалды бағалау жұмыстары жүргізілді. Қарғын судың кесірінен аймақтың бірнеше ауданында баспаналар жарамсыз болып қалды. Мәселен, Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылында апатты деп танылған бес үйдің орнына су жаңа баспана салынып жатыр.

Сондай-ақ табиғи апаттан зардап шеккен 125 отбасыға демеушілер есебінен өтемақы және 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік төлем жасалған.

Мархабат Сматаев, Ақтоғай ауданының тұрғыны:

Судан зардап шеккеннің біріміз. Жанұяммен жолдасымның екі бөлмелі үйінде тұрып жатырмыз. Үй салынып жатыр. Ризамыз. Көңілімізден шығып жатыр. Өзімнің атымнан, жанұямның атынан рақмет! Менен басқа тағы төрт отбасына салынып жатыр. Олардың атынан да көп-көп рақмет! Келіп, көріп жатамыз, барлығы дұрыс істелініп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.