{metadescription}
Соңғы қоңырау: ІІМ мектеп түлектері мен ата-аналарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады
Соңғы қоңырау: ІІМ мектеп түлектері мен ата-аналарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады

Соңғы қоңырау: ІІМ мектеп түлектері мен ата-аналарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады

Ішкі істер министрлігі мектеп түлектері мен олардың ата-анасын оқу жылының аяқталуын атап өту кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.

Биыл 186 мың түлек мектеппен қоштасқалы отыр. Салтанатты іс-шараларда адамдардың көптеп жиналуын ескере отырып, ішкі Істер министрлігі әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкерін бекітпекші. Патрульдік топтар да мектептерге барынша жақын жүреді. Жауапты ведомство “соңғы қоңыраулар” аяқталғаннан кейін ата-аналардың рұқсатымен түлектер тойлауды өз бетінше жалғастырып, арты қайғылы оқиғаларға әкеп соғатынын еске салды. Әсіресе, жасөспірімдердің мас күйінде көлік тізгіндеуі мен тыйым салынған жерде суға түсу деректері жиі кездеседі. Мәселен, былтыр еліміздің 5 облысында мектеппен қоштасамыз деп, өмірімен қоштасқан жағдайлар болған.

Шыңғыс Алекешев, ІІМ ресми өкілі:

Ата-аналар мен түлектерді мінез-құлықтың қажетті нормалары мен ережелерін сақтауға шақырамыз. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу 102 арнасына, ал төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуды сұраймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

28 қыркүйек

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде