{metadescription}
Қаңтар оқиғасы: Таразда ұрланған қарумен кісі өлтірген күдікті ұсталды
Қаңтар оқиғасы: Таразда ұрланған қарумен кісі өлтірген күдікті ұсталды

Қаңтар оқиғасы: Таразда ұрланған қарумен кісі өлтірген күдікті ұсталды

Таразда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарумен кісі өлтірген күдікті ұсталды. 28 жастағы азамат өз досын абайсызда атып тастаған.

Оқыс оқиға кеше Тараздағы мөлтекаудандардың бірінде болған. Күдікті Калашников автоматын қаңтар оқиғасы кезінде қолды қылған көрінеді. Полиция департаментінің хабарлауынша, ол қоймадан ұрланған атыс қаруын осы уақытқа дейін заңсыз сақтап келген. Сол автомат абайсызда атылып, қаңғыған оқтан досы ажал құшты. Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оған кісі өлтіру бабымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Қажетті сараптамалар тағйындалды, Алдын ала ақпарат бойынша, қару қаңтар оқиғалары кезінде Жамбыл облысының ПД ұрланған. Қазір олардың аталған оқиғаларға қатыстылығы тексерілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде