{metadescription}
Тасқын: Мектеп түлектеріне қосымша 12 жарым мың грант бөлінеді
Тасқын: Мектеп түлектеріне қосымша 12 жарым мың грант бөлінеді

Тасқын: Мектеп түлектеріне қосымша 12 жарым мың грант бөлінеді

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің мектеп бітірушілеріне қосымша 12 жарым мың грант бөлінетін болды. Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде тәлімгерлердің сынақтан сүрінбей өтуіне осылайша бар жағдайды жасаймыз деп отыр ғылым және жоғары бірім министрлігі. Бір мезетте айтып келмейтін апат салдарынан барынан айрылған ағайынға қол ұшын берген Үкімет ҰБТ-ны кешеуілдеп тапсыруына да мүмкіндік бермек.

Тасқын су әлекке салған ауыл-аймақ оқушылары соңғы екі ай бойы кітап оқып, жантая жастанып тест жаттайтын мүмкіндігі болмады. Қиын жағдайды ескеріп, Үкімет алты өңірдің түлектеріне ҰБТ-да жеңілдік қарастырдық деп отыр. Ең әуелі бұл өңірлерде Ұлттық бірыңғай тестілеу әдеттегіден 47 күнге кейін шегерілді. Ал одан сүрінгендеріне қаңтар мен наурыз айында тапсырған ҰБТ көрсеткіші де жарайды.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

 Сол өңірлердің балаларына көп уақыт беру үшін тестілеу мерзімі шегірілді. 1 маусымнан бастап 12 шілдеге дейін. 47 күн беріп отырмыз. Екіншіден, биыл мемлекеттік тапсырыстың 20 пайызындай 12 мың грантты, бөлек, зардап шеккен өңірлерге бөліп отырмыз.

Ескеретін жайт, алты аймаққа бөлінген бұл 12 мың грант жалпы биыл бөлінген гранттардың есебінен. Яғни қосымша орындар бөлінбеген. Министр Саясат Нұрбек түлектерге ҰБТ тапсыруға биыл бес мүмкіндік беріледі деп отыр. Тапсырушылардың дені қазақ тілінде емтиханнан өтуді қалаған.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

Қазақ сыныптарында оқитын ата-аналардың, бала саны артып келе жатқанын көріп отырмыз. Қазір ашылатын мектептердің негізгі дені  қазақ мектептері. Енді биыл ашылатын мектептердің барлығы 100 пайыз қазақша болып жатыр.

Ал оқуға түскен бірінші курс студенттері алдағы оқу жылында баспана таппай тентіреп, далада түнемейді, барлығы жатақханамен қамтылады деп сендірді жауапты министр. Одан шет қалғанды ғылым және жоғары министрлігі қонақүй типтес хостелдерге орналастырады. Бұл жолы Алматыдағы қайғылы жағдай қайталанбас үшін қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Жатақханада орын жетіспеушілік, негізінен, Алматы мен Астана қалаларында қалыптасқан. Барлық бірінші курс студенттеріне баспана тауып береміз. Ол үшін арнайы хостелдер қарастырып отырмыз. Басты талаптарымыз міндетті түрде жертөледегі панажайлар қарастырылмайды. Студенттерден бөгде тұрғындар да тұрмайды.

Биыл орыс тілді мектептер тарихта тұңғыш рет жаппай қазақ тілінен келесі сыныпқа көшіру емтиханын тапсырады. Ғани Бейсембаев алғаш өтетін сынақта ешкімді құлатпайды. Қайта ұстаздардың қай тұста осалдық танытқанын ескеріп, балаға бір мүмкіндік бермек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.