{metadescription}
Эскорт қызметін ұсынған Айка 6 жарым жылға сотталды
Эскорт қызметін ұсынған Айка 6 жарым жылға сотталды

Эскорт қызметін ұсынған Айка 6 жарым жылға сотталды

Қалталы азаматтарға эскорт қызметін ұсынған Айка есімді жеңгетай 6 жарым жылға сотталды. Айканың қамалғанынан бұрын, оның жезөкшелерімен кездескен өнер жұлдыздары, белгілі кәсіпкерлердің аты-жөні, телефон нөмірі мен мекенжайы көрсетілген клиенттер тізімі желіге тарап, үлкен шу тудырған еді.

Айка есімді 25 жастағы модель әрі блогер былтыр жазда ұсталған болатын. Ол мессенджердегі жабық топқа 300 долларға сұлу қыздарды тіркеп, миллионерлермен кездестіру ұйымдастырған. Байларға тәнін сатқан әлгі қыздардың пайдасының 40 пайызын Айка өзіне алып отырыпты. Осылайша бір жылда секс-бизнестен түскен пайдасы 209 миллион теңгеден асқан. Оны құрықтау кезінде бірнеше қымбат көлік, жылжымалы мүліктердің құжаттары , соның арасында клиенттер базасы табылған. Айканың осы тізімі кейін желіде тарап, біраз адамды масқара қылған еді. Тінту кезінде сөмкесінен табылған ірі көлемдегі мефедрон күдіктінің жазасын ауырлата түсті. Бірақ Айканың кәмелетке толмаған баласының барын ескеріп және тергеуге барынша көмектескенін негізге алып , сот 6 жарым жыл жаза кесті. Т. есімді сыбайласы 3 жыл сегіз ай арқалады.

Дархан Мырзахан, ҚР Сот әкімшілігі Алматы департаменті баспасөз қызметінің басшысы:

ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі, 309-бабының 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған қылмыстар жиынтығы бойынша түпкілікті 6 жыл 6 ай түрінде жаза тағайындалды. Т. Есімді азамат ҚР ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 309-баптың 2-бөлігі, 1- тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 8 ай түрінде жаза тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде