{metadescription}
Павлодарда астыртын цехтан құны төрт миллиардтан асатын мефедрон тәркіленді
Павлодарда астыртын цехтан құны төрт миллиардтан асатын мефедрон тәркіленді

Павлодарда астыртын цехтан құны төрт миллиардтан асатын мефедрон тәркіленді

Павлодарда синтетикалық есірткі жасайтын ірі цех анықталды. Астыртын жұмыс істеген есірткі зертханасынан құны төрт миллиард теңгеден асатын мефедрон тәркіленді.

Салмағы 170 келі тартатын бұл синтетикалық есірткі бір мезетте 680 мың адамды есінен тандыруға жетеді. Саяжай алабындағы үйді тінту кезінде тағы 2 тонна прекурсорлар және есірткі дайындауға қажет зертханалық жабдықтар тәркіленді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікпен бір қазақстандық және үш шетелдік азамат ұсталған. Арнайы операция кезінде қолға түскендер бірден қамауға алынды. Қазір құзырлы органдар ірі көлемдегі есірткі бизнесінің басқа да сыбайластарын іздестіріп жатыр.

Бақытжан Әмірханов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары:

Есірткі зертханасын ұйымдастырған және интернет-дүкенде жұмыс істеген күдіктілер анықталды. Есірткі таратумен көбіне жастар айналысқан. Олар есірткілерді үлкен көлемде жасырып таратқан. Тінту кезінде табылған зертханалық жабдықтар мен есірткілер тәркіленді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде