{metadescription}
Жасөспірімдер арасында есірткі тарату дерегі өршіп тұр
Жасөспірімдер арасында есірткі тарату дерегі өршіп тұр

Жасөспірімдер арасында есірткі тарату дерегі өршіп тұр

Есірткіні тарату дерегі қазір жасөспірімдер арасында да өршіп тұр. Бір ғана мысал: Ақтөбеде №53 мектептің 9-сынып оқушысы есірткі жасырумен айналысқан. Жасөспірім кезекті дозаны көзден таса жерге тығып жатқан кезде ұсталыпты. Қаскөйлер белі қатпаған балаларды ақшамен қызықтырып, қылмысқа итермелейді дейді полицейлер.

Бақытжан Әмірханов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары:

Толық отбасы. Бірақ бала өзіне қосымша табыс табу үшін есірткі жасырушы болып жұмысқа тұрған. Жастардың бәрі телефонына геобелгі лақтырады ғой, сол арқылы біз есірткі жасырғанын, сатқанын білдік.

Бірақ оқушының жасы 15-те, кәмелетке толмағандықтан қылмыстық іс тоқтатылған. Тек балаға дұрыс тәрбие бермегені үшін оның ата-анасына 73 мың теңге айыппұл салынды.

Жалпы жыл басынан бері есірткі жасырумен айналысқан 20 оқушы ұсталған. Оның жетеуі сотталды. Полицейлер жазғы каникулда ақша тапқысы келетін балалар көбейетінін айтып, ата-аналардан баласын бақылап, әсіресе смартфонын жиі тексеріп тұруды сұрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде