{metadescription}
Астанада «Менің елімнің бейнесі» көрмесі ашылды
Астанада «Менің елімнің бейнесі» көрмесі ашылды

Астанада «Менің елімнің бейнесі» көрмесі ашылды

Астанада «Менің елімнің бейнесі» атты көрмесі ашылды. «Диалог өнері» көрме жобасы аясында Тұңғыш президент музейінің алаңына Ресей, АҚШ, Украина, Үндістан, Сербия және Чехия суретшілерінің 70-тен астам жұмысы қойылған.

Күләйша Ақтаева, ҚР Тұңғыш президенті музейінің директоры: 

Бүгінгі кездесудің ерекшелігі қосымша білім беру мекемелерінің өздерінің міндеттері. Еліміздің, біздің сүйікті Астанамыздың жақсы көріністерін көрсетуге және болашаққа бағдар, көзқарасымызды көрсету үшін ұйымдастырып отырмыз.

Нұрсұлтан Назарбаев қорының ұйымдастыруымен өтіп жатқан көрмеге тәжірибелі педагог-суретшілерден бөлек, балалар көркемсурет мектептерінің оқушылары мен жергілікті шығармашылық ұжымдар қатысып жатыр. Мәселен, Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері ұлттық нақыштағы киімдер топтамасын көрсетіп, ән айтып, күй тартты.

Халықаралық көрме жобасы аясында көркем пленэр мен шеберлік дәрістер өтеді деп жоспарланған. Жас қылқалам шеберлерінің шығармалары халықаралық педагог-суретшілер одағы мен Қазақстан Суретшілер одағы мен дизайнерлер одағының мүшелері жоғары бағасын берді. Көрмені өз көзімен көремін деушілерге 21 маусымға дейін мұражай есігі ашық.

Байқоңыр Ижанов, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры:

Қазіргі жастарымыз өте талантты. Өнердің жаңа стильдік дүниесін, жаңа шешімдерін, жаңа композициялық мазмұндық дүниелерін өте жақсы алып шығып жатыр. Осыған құмартамыз, шын мәнінде. Олардың аты-жөнін өзімізге тіркеп, олармен жеке-жеке бағыт береміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде