{metadescription}
0:000:00
Оқушы өлімі: Жамбыл облысында мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Оқушы өлімі: Жамбыл облысында мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жамбыл облысында оқушы өлімінен кейін мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Білім ордасының басшылығы қанды қылмысты жасыруға тырысты деген күдікке ілігіп отыр.

8 сыныптың оқушысы мектеп дәретханасынан өлі табылған болатын. Сараптама қорытындысы оқушының жүрек тұсынан қатты соққы алып жан тапсырғанын анықтаған. Алайда қылмыс болған күні мектеп директоры «оқушының жүрек талмасы ұстап қалды» деп жалған мәлімет берген.

14 жасында мерт болған баланың ғы ата-анасы бұған дейін мектептегі әлімжеттік туралы айтып, мектеп ұжымына бірнеше рет шағымданған. Енді балаларға қатысты қауіптің алдын алмаған мектеп басшысы 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, аталмыш оқиға 30 сәуір күні Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің дәретханасында болды. 9-сыныптың оқушысы өзінен бір сынып төмен оқитын жеткіншектің кеуде тұсынан ұрған. Қазір 15 жастағы күдікті қамауда отыр. 

Шавхат Таштеміров, Жамбыл облысы прокурорының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға көмекшісі:

Өкінішке қарай, мектеп басшылығының тарапынан дер кезінде шара қабылдамауынан жеткіншек мерт болды. Директорға қатысты ҚР ҚК 432-бабымен, «қылмысты жасырып қалу» фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде