{metadescription}
Жедел жәрдем қызметкерлерін пәтеріне қамап, балағаттап, қол көтерген
Жедел жәрдем қызметкерлерін пәтеріне қамап, балағаттап, қол көтерген

Жедел жәрдем қызметкерлерін пәтеріне қамап, балағаттап, қол көтерген

Болмашы жарақаты үшін «ауруханаға апар» деп айқай шығарған. Алматыда жедел жәрдем қызметкерлерін пәтеріне қамап қойып, балағаттап, қол көтерген үш адам әкімшілік жауапқа тартылды.

Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:

Тәртіп сақшылары ұрып-соғып, ішімдік ішіп, тыныштықты бұзып, тіркеусіз тұрып жатқан үш азаматқа қатысты шара қолданды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.

Дәрігерлерді пәтеріне қамап, білгенін істеген үш мас тәлтіреңдеп, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып жатыр. Кейін мас әйел жедел жәрдем қызметкерін жұдырықтай жөнеліпті. Негізі 103-ке «қолым ауырып жатыр» деп пәтердегі ер адамның бірі телефон соққан. Тексеруге келген мамандар жарақаттың болмашы екенін байқап, үйінен емделуге кеңес береді. Алайда науқастың араққа сылқия тойып алған әйелі ауруханаға апаруын талап еткен. Төбелес осыдан кейін басталып отыр.

Дәрігерлер мұндай оқиғалардың жиі кездесетінін айтады. Екі-үш жылдың ішінде алматылық фельдшерлерге 30-дан аса шабуыл жасалыпты. Бірақ бұзақылардың басым бөлігі дәлел болмаған соң жазадан құтылып кеткен. Өйткені сала мамандары әлі күнге дейін видеоға түсіретін құралмен қамтылмаған.

Шайхидин Бәдіров, Алматы медициналық жедел жәрдем қызметі директорының орынбасары:

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №225 бұйрығы бойынша жедел жәрдем қызметкерлері видео жетонмен қамтамасыз етілуге тиіс. Қазір осы процесс бойынша жұмыс жүргізілуде. Егер бұл толық шешімін табатын болса, осындай жағдайлар, яғни бейәдеп сөз, дөрекілік, күш көрсетулер 50 пайыздан жоғары жойылады деген сенімдеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде