{metadescription}
Махамбет ауданындағы егін алқаптары суда қалды
Махамбет ауданындағы егін алқаптары суда қалды

Махамбет ауданындағы егін алқаптары суда қалды

Атырау облысының Махамбет ауданындағы егін алқаптары суда қалды. Аймақтағы 5 мың гектар егістіктің 4 мыңын тасқын суы басқан. Өңірдегі шаруалар «еңбегіміз зая кетті» деп шырылдап отыр.

Айдос Байниязов, агроном:

Метрдің үстінде су бар. Адамдарды арғы бетке қайықпен тасып жатырмыз. Көшеттерді қайықпен тасып жүрміз.

Ерте қамданған шаруалар асы айда өнім жинауды жоспарлап отырған. Бірақ көкөнісі су астында қалды. Малмен айналысатын шаруалар да тасқын зардабын шегіп отыр.

Қазір Махамбет ауданында 27 шаруа қожалығын су шайған. Бүгін Атырау қаласына қарасты Қайыршақты ауылындағы қожалық топан су ортасында қалды. Ондағы 80 бас жылқыны құтқарушылар қауіпсіз жерге айдап шығарған. Құлындарын да аман алып қалды. Әкімдік зардап шеккен шаруалардың шығынын есептеуге комиссия құрып жатыр.

Азат Қапанов, Атырау облысы ауыл шарушалығы басқармасының бөлім басшысы:

Мемлекет тарапынан 17 мамырда ауыл шаруашылығы саласындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайға байланысты залал келтірген шығынды өтеу мақсатында ереже бекітілді. Қазір комиссия құрылып жатыр. Зардап шеккен шаруа қожалықтарының өтініші қаралып, тиісті құжаттарды өтеу жүргізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде