{metadescription}
Келес пен Шардара диқандары шегірткеден шығынға ұшырауы мүмкін
Келес пен Шардара диқандары шегірткеден шығынға ұшырауы мүмкін

Келес пен Шардара диқандары шегірткеден шығынға ұшырауы мүмкін

Еліміздің оңтүстігінде шегіртке қаптады. «Зиянкестер егін алқаптарын отап жатыр» - дейді шаруалар. Әркім шамасы келгенше өз егістігіне қолмен дәрі шашып жүр. Өйткені шегірткелерді улауға тиіс компанияның техникасы жеткіліксіз. Алайда жауаптылар дәрілеу 92 пайызға жүргізілгенін айтып, зиянкестерден «қауіп жоқ» дейді.

Күн жылыса, Келес пен Шардара даласында шегіртке қаптайтыны үйреншікті жағдай болған. Биыл зиянкестер ертерек шыққан. «Егістікті жайпайтын жәндіктерді улау жұмысы да биыл селқос» - дейді шаруалар. Несие алып, қауын-қарбыз еккен диқандар өнім түйнек тастағанда шегірткенің кесірінен қып-қызыл шығынға ұшырайтын болдық деп алаңдап отыр.

Шәкір Сәдіров, диқан:

 Бір амалын істесін. Мыңдаған кәсіп етіп отыр. Қарбызымызды шегіртке жеп қояйын деп отыр. Қазір амалдап отырмыз. Мына жақта басып кеп жатыр. Бұны құртпаса болмайды.

«Тиісті басшылардан қайран жоқ» деген жұрт өз қотырын өзі қасып үйренген. Әр диқанда у шашатын құрал бар. Шегірткені жоятын химикатты сатып алып, әрқайсысы өз бақшасына сеуіп шығады.

Шегіртке деген қаптап, қараңыз, өлмей жатыр. Шашып жатырмыз, міне, дәрісін қосып жатырмыз. Кеше трактормен шаштық. Өлгені-өлмегені ұшып жатыр, көріп тұрсыздар. Диқанға оңай емес, бәрі бала-шаға қамымен жүр.

Қазір шегірткелердің шағылысатын уақыты. «Әне-міне дегенше, ұрықтайтын зиянкестер 10 күнде көрінген шөпті тып-типыл етеді» - дейді шаруалар.

Шегірткеге қарсы дәрілеу жұмысы» былтыр да немқұрайлы жүргізілді» деген шаруалар улау биыл одан да әлсіз жүріп жатқанын айтады. Шегіртке жылдағыға қарағанда 20 күнге ерте шығыпты. Диқандар бірер күнде улау жұмысын күшейтпесе, арада апта өтпей, иен дала тақырға айналады деп үрейленіп отыр.

Шегірткені улауға тендерді жеңіп алған компания жұмысын шала істеді, - дейді жұрт.

Сапарғали Әріпбаев, диқан:

 — «Маған айтпаңыз, сізді тыңдауға міндетті емеспін, ауыл әкіміне айтыңыз, бізге айта алмайсыз, айтуға хақыңыз жоқ» дейді. «Біз өлтіріп береміз», ал қашан өлтіретінін айта алмайды. Келмейді , телефонын да алмайды. Мына машиналарын біз оталдырып жүрміз. Керек болса, бензині жоқ, біреуі бұзылып жатыр. Жүргенінен тұрғаны көп.

Шегірткеге қарсы дәрі шашу жұмысын елімізде бір ғана компания жеңіп алған екен. Келес ауданындағы алқаптарды өңдеуге о баста 16 техникамыз бар деп көрсеткен. Бірақ қазір бар-жоғы бес көлігі жүріп тұр дейді жиналғандар. Ал аумақ инспекциясы мамандары улау әлі де жалғасады деп сендірді.

Мұрат Жамалов, Келес ауданы аумақ инспекциясының басшысы:

 Сеуіп жатыр, 5-6 күн болды. Акцептен проблема болды. Содан кейін қайтадан үстіне қосатын басқа дәрісін алдырып жатырмын. Мердігер әкеле жатыр. Құдай қаласа, бәрін өңдеп береміз.

Улау жұмысына көңілі толмаған диқандар шегірткеге қарсы уды өздері шашып жатыр. «Зиянкестердің көзін қазірден құртпасақ, еңбегіміз зая кетеді» - дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде