{metadescription}
Ирина Смирнова: Тәтті сусынға салық енгізсек, қант диабеті мен семіздікті тежейміз
Ирина Смирнова: Тәтті сусынға салық енгізсек, қант диабеті мен семіздікті тежейміз

Ирина Смирнова: Тәтті сусынға салық енгізсек, қант диабеті мен семіздікті тежейміз

Қант диабетінен бюджетке 436 миллиард теңгеден астам шығын келеді және бұл көрсеткіш жыл сайын артуда. Осындай дерек келтірген мәжілісмен Ирина Смирнова тәтті сусындарға салық енгізу мәселесін тағы көтерді. Үкімет басшысына жолдаған сауалында депутат мұндай салық түрі 65-тен астам елде сәтті қолданылып жатқанын атап өтті. 

Қазақстанда бұл тақырыптың кеңінен талқылануына сенімді ақпараттың жоқтығы мен жөнсіз мифтердің таралуы кедергі дейді мәжілісмен. Өкінішке қарай, елімізде қант диабетімен ауыратындар қатары жыл сайын көбеюде. Мысалы, 2000 жылдан бүгінге дейін дертке шалдыққандар саны 45 есе өсіпті. 2030 жылға қарай 800 мыңнан асады деп болжанып отыр. Бұған генетикалық факторлар мен күйзелістен бөлек, тағам пен сусындар құрамындағы қант мөлшерінің көптігі бірден-бір себеп. Талдау көрсеткендей, қантқа, әсіресе балалар мен жасөспірімдер құмар. «Семіздік пен қант диабетінің ерте жастан пайда болуы да содан» - дейді Смирнова.

Айта кетейік, елімізде күн сайын қант диабетінің белгілері бар 100-ден аса жаңа науқас тіркеледі.

Ирина Смирнова, Мәжіліс депутаты:

Қант диабетімен күресудің ұлттық бағдарламасының жоқтығын ескере отырып, Қазақстанда құрамында қанты бар сусындарға салық енгізу бойынша пікірталас 2021 жылдан бастап жүргізіліп жатыр. Бұл салық түрі енгізілген жағдайда мамандар жоғары калориялы сусындарды тұтыну азая түседі деп сенім білдіруде және сол арқылы елдегі, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасындағы семіздікді азайтуға мүмкіндік туады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде