Талғар өзені тасып, тас жолға су жайылды
Алматы облысындағы Талғар өзені арнасынан асып, тас жолға су жайылған. Ағысы қатты су қиыршық тас өндіретін жақын маңдағы карьерлерді де басты.
Автор: Әсем Лесбек
23.05.2024
Жергіліктің әкімдік мұны кешегі жауған жауын-шашын мен таудағы қардың еруінен деп түсіндіріп отыр. Қазір көпірдегі қозғалыс шектеліп, өзен арнасы тереңдетіліп, нығайтылып жатыр. Дегенмен Құлжа трассасындағы айналма жол мен Талғар – Есік - Бәйдібек би жолдарында көлік қозғалысы тоқтатылмады. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзен жағасында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Момунжан Исламов, Ават ауыл округінің әкімі:
— Талғар өзеніндегі су деңгейінің көбеюіне байланысты Ават ауыл округінің аумағындағы өзеннің сол жағалауында орналасқан баламалы жолды су шайып кетті. Су ағынының ұлғаюынан жақын маңдағы карьерлерді су басу қаупі туындады. Округ әкімі аппаратының ұйымдастыруымен су баспау үшін және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргізілді. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!