{metadescription}
Ақтөбе мопедпен екі бірдей жол апаты болып, жас жігіт жансақтау бөлімінде жатыр
Ақтөбе мопедпен екі бірдей жол апаты болып, жас жігіт жансақтау бөлімінде жатыр

Ақтөбе мопедпен екі бірдей жол апаты болып, жас жігіт жансақтау бөлімінде жатыр

Ақтөбеде жол апатына ұшыраған мопед жүргізушісі ес-түссіз ауруханада жатыр. Қалада осындай екі дөңгелекті көліктердің қатысуымен түнде екі жол көлік оқиғасы болды. 21 жастағы жігіт ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілген.

Екі апат та қала орталығындағы көшелерде болған. Ол жерде тәулік бойы көлік қозғалыс тоқтаусыз. Апат куәгерлері көп. Бірінші жағдайда мопед жол ережесін бұзған. Екіншісінде, болжам бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі кінәлі. Түнгі жағдайлардан кейін полиция кейінгі кезде көзге жиі түсетін мопедтерге назар аудара бастады.

Жыл басынан бері ереже бұзған мопедшілерге 300-ден аса хаттама толтырылған. 25 мопед айып тұрағына қойылыпты. Жақында оның бірі, тіпті полиция патрулінің көлігін соққан екен. Жүргізушісі енді мемлекет мүлкін жөндеуге шығындалып жатыр. Дегенмен аталмыш көліктер тіркеуге алынбайтындықтан, өңірде мопед санының қанша екені де белгісіз.

Ардана Саймағаметов, Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары:

Көптеген тыйым салу бар, бірақ оны ешкім ескермейді. Ертеңнен бастап біздер мотокөлік дейміз, мототранспорт жедел іс-шарасын жүргіземіз. Мотокөліктердің заңдылығын, жүргізуін, басқаруын тексереміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде